“Жатыр мойыны обыры мен скрининг” тақырыбында семинар өтті

Аудандық ауруханада дәрігер-онколог Роза Имашеваның ұйымдастыруымен “Жатыр мойыны обыры мен скрининг” тақырыбы бойынша аурухана мен емхана дәрігерлер мен акушер-медбикелері арасында семинар өтті. Қазіргі таңда жатыр мойны обыры ауруы көбеюде. Сондықтан, аурудың алдын алу үшін уақытылы скринингтік тексерістен өткен жөн. Ауырмасаңыз да жылына бір рет гинекологтың қабылдауында болып, қаралуға кеңес береміз. Өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық!

Жарияланды: 30.01.202316:03

Автор: