Сақтандырылған қазақстандықтар компьютерлік томографиядан, магниттік-резонанстық томографиядан және ультрадыбыстық тексеруден ақысыз өте алады

Сақтандырылған қазақстандықтар компьютерлік томографиядан, магниттік-резонанстық томографиядан және ультрадыбыстық тексеруден ақысыз өте алады. Сондай-ақ, зерттеудің бұл түрлері әлеуметтік маңызды және созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

Егер сіз тексеріске жазылуды 10 күннен артық күтуіңіз керек болса, сіз КТ, МРТ немесе ультрадыбыстық медициналық ұйымды өз бетіңізше таңдай аласыз. Клиника сіздің емханамен келісімшартқа отыруға міндетті емес, ең бастысы, ол ӘМСҚ қызметтерін жеткізуші болып табылады.

Ұйымды таңдағаннан кейін терапевтен жолдама сұрап, тексеруден өтіңіз. Қызметті алғаннан кейін қордың төлем жүйесінде бірлесіп жұмыс жасау туралы келісім автоматты түрде жасалады.

Ауылдық елді мекендердің ЕСМ кейбір мамандар, сонымен қатар КТ және МРТ жабдықтары жоқ, сондықтан қызмет алудың жалғыз жолы – облыстық ауруханаға баруыңыз керек. Бірақ алдымен дәрігерден жолдама алу керек.

Егер жағдай шұғыл болса, онда сізге жедел жәрдем шақыру керек. Ауыр жағдайларда науқасқа медициналық авиацияны тартуға көмек көрсетіледі.

 


Жарияланды: 18.05.202115:56

Автор: