ӘР БАЛАНЫҢ ДЕНІ САУ БОЛСЫН!
1 маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай аудандық ауруханада «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Білікті,тәжірибелі балалар дәрігерлері Ақеркеш Абилхайқызы мен Гүлнар Молдашқызы және балалар неврологі Айкөркем Аманбайқызы келген ата-аналарға кеңес беріп, профилактикалық тексеру жүргізді.
Келген аналар білікті мамандардан толыққанды кеңес алып, алғыстарын білдірді.
Әр баланың дені сау болсын!
Аудандық аурухананың баспасөз қызметі