Пациенттерге қолдау көрсету

Қызылқога аудандық аурухана бойынша  тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет алуға пациенттің құқығын қамтамасыз ету үшін Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) жұмыс істейді.

ПҚжІБҚ сауалнама жүргізу арқылы көрсетілетін медициналық көмек сапасына халықтың қанағаттануын зерделейді, пациенттердің барлық өтініштері бойынша жедел шешім қабылдау үшін құзырлы медицина қызметкерлерімен бірлесіп «осы жерде және қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдайды. Барлық проблемалық сұрақтар ПҚжІБҚ жанындағы медициналық қызмет сапасын басқару бойынша Кеңестің қарауына ұсынылады және ішкі аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту іс шараларының жоспары медицина ұйымының басшысына ұсынылады.

Пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында  аудандық ауруханада

2-20-35 – сенім телефоны жұмыс істейді – медицина персоналының қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері болса хабарланады;

«Өтініштер мен ұсыныстарға арналған әйнек жәшік» – қойылған, бақыланып қаралып тұрады.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету және көрсетілген медициналық көмек сапасы, аудандық аурухана  медперсоналының этика және деонтология нормаларын сақтауы жөніндегі сұрақтар бойынша өтініш жасай алады.Туындаған мәселені, сұрақ­тар­ды Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі шешпеген жағдайда,  әрқашан fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс ор­талығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және Saqtandyry-Bot мобильді қо­сым­шасы секілді байланыс ар­налары арқылы Әлеуметтік меди­ци­налық сақ­тан­дыру қорына жү­гі­не алады. Бүгінгі күні халық сауатты және өз құқықтарын жақсы біледі.

Көбінесе пациент өзіне қажетті ақпаратты ала алмағаны үшін немесе оған дұрыс көмек көрсетілмеді деп ренжиді. Емдеудің алгоритмі мен тиімділігі бойынша түсініктеме алғысы келеді, сақтандыру мәселесі бойынша, УЗЗ  мәселе, және МСЭК комиссия бойынша сұрақтары көп болады.Мұндай жағдайда біз оны бірден сол жерде реттейміз, жағдайды науқастың пайдасына шешуге тырысамыз, қажет болса медицина қызметкерлеріне шара қолданады.

Всего комментариев: 0