МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

Міндетті медициналық сақтандыру – бұл денсаулықты сақтауда азаматтардың мүдделерін әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрған жеріне және табысына қарамастанҚазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке теңдей қолжетімді болуына кепілдік береді.

2015 жылғы 16 қарашада – Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заң, атап айтқанда, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құруды көздестіреді.

2016 жылғы 13 мамырда –«Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК базасында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құру бойынша Жобалық кеңсе құрылған.

Мемлекет өзіне:

а) еліміздің барлық азаматтарына медициналық қызметтің ең төменгі тегін базалық пакетін береді. Бұл Қазақстандағы 17 млн.астам адамға қатысты болмақ. Осы пакетке әдетте ауруларды азайтуға және алдын алуға бағытталған қызметтер, сондай-ақ шұғыл және жедел араласуды қажет ететін медициналық көмек түрлері қосылады;

б) МӘМС –қа оларға медициналық көмек алуға теңдей қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін халықтың экономикалық енжар тобы үшін жарналар аударуға міндеттемелер алады.

МӘМС халыққа не береді?

1) Қолжетімді емделу.

Сіз Өз қалауыңыз бойынша кез-келген мемлекеттік немесе жекешелік клиникада медициналық көмек алу құқығына ие боласыз. Сізге МӘМС пактеті аясында дәрігердің қабылдауынан бастап терең тексеріп- қарауға және қымбат тұратын операциялар жасауға дейін барлық қызметтер көрсетіледі. Осылар бойынша шығыстар Қормен төленетін болады.

2) Сапалы медициналық көмек

Әрбір клиника Сізге жоғары білікті көмек көрсетуге мүдделі болады. Себебі, енді ауруханалар мен емханалар МӘМС пакетіне кіретін сапалы қызмет көрсеткені үшін Қордан ақша алатын болады, ал бұлар тәжірибелі медперсоналмен жүзеге асырылатын дәл диагностика, жақсы емдеу, уақытылы оңалту, мейірбикелік күтім.

3) Тегін және қолжетімді дәрі-дәрмекті Сіздің мемлекет белгілеген аурулардың түрі бойынша тегін дәрі-дәрмек заттарын алуға құқыңыз болады. Сіз бұл дәрі-дәрмекті , оның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, еліміздегі барлық дәріханалардан ала аласыз. Қор дәріханалардың қызметіне ақы төлеуді өзіне алады.

4) Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғау.

Егер Сіз емдеуден бас тартылуына немесе сапасы төмен қызметке кезіксеңіз, онда Сіз Қорға жүгінуіңізге болады, ал Қор Сізді қорғайтын және Сіздің мүддеңізді табандылықпен білдіретін болады.Қор клиникаларды қатаң түрде іріктеу жүргізіп, көрсетілетін қызметтің сапасына қатаң бақылайтын, Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеру тағайындайтын және шаралар қолданатын болады.

5) Өз денсаулығың туралы толық ақпарат.

Денсаулық сақтау саласының жаңадан электрондық жүйесі ұйымдастырылатын болады, соның аясында Сіздің жеке өз кабинетіңіз болады. Мұнда Сіздің емханаға қаралуға келгеніңіз, стационарларда емделгеніңіз, тексеріліп- қаралғаныңыз бен талдамалардың нәтижелері, дәрігерлердің қорытындылары мен олардың ұсынымдары туралы барлық ақпарат болады.

Медициналық қызметтің екі пакеті болады.

Біріншісі– мемлекет беретін еліміздің барлық азаматтарына арналған ең төменгі базалық пакет. Ол:

·жедел жәрдемді және санитариялық авиацияны;

· «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ 21.05.2015 ж. бұйрығына сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмекті (оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусы мен адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушыдан туындайтын аурулар);

· алдын алу екпелерін;

·амбулаторлы- -дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы амбулаторлы-емханалық көмекті қамтиды.

Екінші пакеті сақтандырылған азаматтарға арналған, МӘМС талаптарында берілетін медициналық қызметтер:

·амбулаторлы- емханалық көмек:емханаларда емдеу;дәрігерлердің қабылдауы; зертханалық қызметтер; диагностика;

·жоспарлы тәртіппен ауруханаларда стационарлық емдеу-көмегі;

·стационарды алмастыратын көмек– күндізгі стационарларда емдеу;

·күрделі және бірегей медициналық технологияларды қолдану арқылы орындалатын, медициналық көмек – жоғары технологиялық медициналық қызметтер;

·дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету-амбулаторлы-емханалық көмек көрсету кезінде.

Егер Сіз осы төмендегі тізімдегі санаттардың біріне кіретін болсаңыз, онда Сіз үшін мемлекет төлейтін болады:

· балалар;

· «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрындары «Ардақты ана» атағына ие болған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

· Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

· мүгедектер;

· жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

· интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетін адамдар;

· күндізгі оқу нысанында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын адамдар;

· бала (нәресте) тууына, нәресте баланы (қызды) асырап алуына, оның баланы (балаларын) олардың үш жасқа жеткенше күтуіне байланысты демалыста жүрген адамдар;

· жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ нақты іс жүзінде баланы (оның) үш жасқа жеткенше тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адамдар;

·зейнеткерлер;

· соттың үкімімен қылмыстық атқару (пенитенциарлы) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда) жазасын өтеп жатқан адамдар;

· уақытша оқшаулап ұстау орындары мен тергеп оқшаулау орнында ұсталған адамдар.

Егер Сіз жұмыс істемейтін болсаңыз, онда Сіз жергілікті жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңіз керек, мұнда Сізге жұмысқа орналасудың нұсқалары ұсынылады. Егер ыңғайлы жұмыс бомаса, Сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Бұл жағдайда Сіз үшін мемлекет төлейтін болады.

Егер төлемесеңіз не болады?

Сіз МӘМС -тің қатысушысы болып табылмайсыз, сондықтан Сіздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясындағы медициналық көмекке қолжетімділікке құқыңыз болмайды. Дегенмен, Сіз мемлекетпен кепілдік берілген мыналарды қамтитын медициналық көмектің көлемін:

· жедел жәрдемді және санитариялық авиацияны;

· әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде және қысылтаяң шақтағы жағдайларда медициналық көмекті;

· алдын алу екпелерін;

·амбулаторлы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы амбулаторлы-емханалық көмекті ала аласыз.

Азаматтардың осы санатына арналған медициналық қызметтің қалған барлық түрлері ақылы негізде көрсетілетін болады.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ САҚТАУҒА ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАЙДЫ!

Ескертпе: Аудандық емхананың 1 қабатынан МӘМС жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізу үшін арнайы кабинет (№132) ашылған, сонымен қатар МӘМС жөнінде мәліметтерді тіркеу бөлімінен 2-14-64 нөмірі арқылы біле аласыздар!!!


Жарияланды: 23.12.201914:27

Автор: