Марапатыңыз құтты болсын Айнұр Төребекқызы!
Әрбір тұлғаның еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. 20 қарашада өткен Президент сайлауы науқанында белсенділік танытқан бір топ штаб мүшелерін «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалының атқарушы хатшысы Толқын Бейсқали Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың және республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың Алғыс хаттарымен марапаттады.
Осынау игілікті істің басы – қасынан табылып, уақытпен санаспай, жауапкершілікпен қарап қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген штаб мүшесінің бірі – аудандық аурухананың директоры Айнұр Төребекқызы. Марапатыңыз құтты болсын!