Мақсат пен міндеттер
Миссиясы
Қауіп факторларының алдын алу, салауатты тамақтануды насихаттау және салауатты өмір салтын ынталандыру негізінде бекітілген халықтың денсаулығын нығайту және халыққа үздіксіз, қолжетімді, сапалы медициналық көмек көрсету.
Мүддесі
Медициналыққызметтіңішкіжәнесыртқынарықтарындажаңашылдыққажәнебілім беру, ғылымсаласындалидерлікке (көшбасшылыққа), сапаныңұлттықжәнехалықаралықстандарттарына, госпитальдықменеджменткенегізделгенмедициналықкөмеккөрсетудіңбағытталғанжүйесіменпациенттергебірегейкөпбейінді клиника жасау.
ЭТИКАЛЫК КОДЕКС
Этикалық фактордың медицинада дәстүрлі зор мәні бар. Сексен жылдан астам бұрын дәрігерлік Гиппократ антына ұқсас медбикелік Флоренс Найтингейл анты пайдаболды.
Этикалық кодекстер медицинада бірнеше қызмет атқарады. Тәжірибелік-реттеуші және педагогикалық-тәжірибелік қызметтерімен қатар, мамандық шегінде бірігу қызметін ерекше атап өту керек. «Женева диклорациясы» медицинадағы адамгершілік идеалдың негізін қалаушы ролін растап қана қоймай, сонымен қатар медицина саласын саяси тәртіп пен идеологиялық диктатынан тәуелсіз ететін моральдік этикалық кепілі болды.
Моральдік этикалық кодекс мамандықтың негізгі мақсаттары мен құндылықтарын анық көрсетуі тиіс. Егер адам өзіне медбике ісін таңдаса, ол өзіне мамандықтың моральдік кодексінде көрсетілген құндылықтар мен міндеттерді қабылдап алады. Бикелердің моральдік этикалық кодексі адамзат табиғатына, денсаулық пен қоғамға сенуге негізделеді. Бикелік іс өзіне денсаулықты қорғау, демеу және қалпына келтіруді, аурудың алдын алуды, пациенттің азабын жеңілдетуді қосып алады. Осы қызметтерден шығатын қорынтынды медбикелік іс денсаулықта бар және болуы мүмкін мәселелерді диагностикалау мен емдеу ретінде анықталады.
Көп жағдайда пациент денсаулығына, ем алуына, аман-саулығына қатысты мәселелерді өзі шешетіндігіне орай, медбике іс-әрекетінің мақсаты пациентке жауапкершілікті арттыруда және өзін өзі анықтауда максималды тірек көрсету болып тадылады. Міне, денсаулық өзімен өзі жекеше мәселе емес, пациент көзқарасы бойынша ерекше маңызды болып табылатын өмір құралы.
Бике клиникалық қорытынды жасағанда, жалпы адамзаттық мораль принциптері мен салдарын негіздейді. Мұның бәрі медбикенің іс-әрекетін анықтайды және ақтайды. Бұл жағдайда тұлғаны сыйлау негіз болып табылады. Осы принциптен шығатын басқа да принциптер бар – автономия (өзін өзі анықтау), шарапат, зарарсыздық (зұлымдықтан аулақ болу), шыншылдық, құпияшылдық (жеке сипаттағы ақпаратты сыйлау), адалдық (сөзде тұру), әділетшілдік (адамдарға адал болу).
Қысқаша, мұндай жағдайда, түсініктемесі бар бұл қодекстің ережелері этика ережелері мен бикелік күтімнің жоғары сапасына сәйкес келетін, бикелердің тәртібі мен қарым-қатынас негіздері көрсетілген жетекшілік болып табылады.
«Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының медициналық қызметкерлерінің этикалық кодексі» соңғы екі-үш он жылдық ішіндегі жалпы медицина этикасы мен жеке медицина бикесінің кәсіби этикасын анықтаған жаңа идеяларының есебімен құрылған. Кодекс ең алдымен, нақты міндеттердің мазмұнын көрсететін, медициналық бикенің моральдік парызының формуласын анықтайтын пациент құқығы туралы қазіргі заманға сай көріністерді ашық түрде бейнелейді.
Кодекс, сонымен қатар Қазақстанда басталған бикелік іс реформасын бейнеледі (медициналық бикелерді дербес ғылыми-зерттеу қызметіне қатыстыруды талап етеді, онсыз бикелік істің дербес ғылымға айналуы мүмкін емес). Реформаның даму барысында Қодекс мазмұнының дәл осы аспектісі (әсіресе автономиямен, бикелік мамандықтың тәуелсіздігімен байланысты) толықтырулар мен айқындауды талап етеді.
«Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының медициналық қызметкерлерінің этикалық кодексі» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысы (1946 ж.), медициналық этика бойынша халықаралық құжаттар –Дүниежүзілік медицина ассоциациясының «Пациент құқығы туралы Лиссабон декларациясы» (1981, 1995 ж.ж.) «Медициналық этиканың еуропалық кодексі» (1987ж.), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Еуропадағы пациенттер құқығы саласындағы саясат туралы декларациясы» (1994ж.), Медициналық бикелердің халықаралық кеңесінің «Медициналық бикелердің этикалық кодексі» (1973ж.) және кейбір өзге кодекстердің негізінде жасалған. Сонымен қатар медициналық бикелердің кейбір ұлттық этикалық кодекстері де ескерілді (АҚШ, Ұлыбритания). Біздің еліміздегі тиісті этикалық құжаттарды құру тәжірибесі де пайдаланды- «Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының этикалық кодексі» (Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының Ассоциациясында қабалданды).
Кіріспе
Бикелердің моральдік этикалық кодексі жауапкершілік пен сенімнің кәсіби тиімділігін көрсетеді, олар қоғамда осындай түсінік алады. Қоғам мамандықтың өзі дербес іс ретінде қызмет көрсете алатындай, мамандыққа кең автономия мен үлкен өкілет берді. Бикелердің моральдік этикалық кодексінің дамуы ерекше маңызды іс және осы мамандықтың өзін өзі басқаруын дамыту құралы болып табылады.
Түсініктемесі бар моральдік этикалық кодекс – бұл мамандықтың әр мүшесіне жүктелген сыртқы ережелер терімі емес, бикелік сана мен философия туралы ұғым жинағы. Жеке және кәсіби тұтастық адам тәртібінің кәсіби кодексін ұстанған жағдайда ғана кепілдене алады.
Тәртіптің моральдік кодексі тәртіптің негізгі принциптері мен медбикелердің іс-әрекетін бағалауды ұсынады. Ол жекеше әр медбикеден талап етілетін ізгілікті регламенттемейді.
Бүгінгі күнгі қоғамдағы медициналық мамандықтардың ішінде ең бұқаралық – медициналық бикелер мамандығының мағызды ролін ескере отырып; медицина мен денсаулық сақтаудағы этика бастамасының дәстүрлі үлкен мағынасын есепке алып; Медициналық бикелердің халықаралық кеңесі мен дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық этикасы бойынша құжаттарын басшылыққа алып Алматы қаласының медициналық бикелер ассоциациясы осы Этикалық кодексті қабылдады.
1 Бөлім. Жалпы ережелер
Медициналық бикенің кәсіби іс-әрекетінің этикалық негізі адамгершілік пен мейірімділік болып табылады. Медициналық бикенің кәсіби іс-әрекетінің ең мақызды мәндеттері: пациеттерге кешенді жан-жақты күтім жасау; денсаулығын қалпына келтіру және ақтау; денсаулықты бекітуге көмектесу және аурулардың алдын алу. Этикалық кодекс медициналық бикенің кәсіби іс-әрекетінің нақты өнегелік бағыттарын көрсетеді, бірігуге, қоғамдағы бикелік маманның беделі мен абыройын көтеруге, Қазақстан Республикасында бикелік істің дамуына себепкері ретінде қабылданған.
2 Бөлім. Медициналық бике және пациент
1 бап. Медициналық бике және пациенттің сапалы медициналық көмек алуға құқығы
Медициналық бике әр адамның физикалық және психикалық денсаулығы мен адекватты медициналық көмек алудың ең жоғары деңгейін алудың ажырамас құқығын сыйлайды. Медициналық бике пациентке адамгершілік пен кәсіби стандарттар принциптеріне жауап беретін сапалы медициналық көмек көрсетуге міндетті. Медициналық бике пациент, әріптестері және қоғам алдында өзінің қызметіне моральдік жауапкершілік тартады. Медициналық бикенің кәсіби және этикалық міндеті мұқтаж болған кез келген адамға өз құзіретінде жедел медициналық көмек көрсету болып табылады. Пациенттің адвокаты сияқты, бике пациенттің мүддесін қорғайды. Осы рөлде тиімді қызмет атқару үшін, бике кадрларды таңдау саясаты, стандарттары, тәжірибелік қызметі, бикелер кодексі мен бикелер ісінен және құзырсыз, этикасыз, заңсыз тәжірибеге қатысты денсаулық сақтау жүйесін реттейтін заңдардан хабардар болуы тиіс.
2 бап. Бикелік қызметтің негізгі шарты – кәсіби құзырлығы
Медициналық бике Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген қызметтің кәсіби стандарттарын сақтауы және демеуі тиіс. Арнайы білім мен шеберлігін үздіксіз жетілдіру, өзінің мәдени деңгейін көтеру – медициналық бикенің алғашқы кәсіби міндеті. Медициналық бике пациенттің моральдік және заң құқықтарына қатысты құзырлы болуы керек. Медбикенің мамандығы адекватты және құзырлы бикелік күтімді қамтамасыз етуді міндет етеді. Бике кәсіби оқуды жалғастырудың қажеттігін түсіну қажет.
3 бап. Пациентке адамгершілікпен қарау, оның заңды құқықтарын сыйлау
Медициналық бике рақымдылық пен пациент өміріне деген ізетті бірінші орынға қоюға тиіс. Медициналық бике пациент азабын жеңілдету құқығын медициналық білімнің қол жеткізген деңгейіне дейін сыйлауға міндетті. Медициналық бике азаптауға, өлім жазасына және адамға қатыгез, адамгершіліксіз қараудың өзге де түрлеріне қатысуға құқығы жоқ. Медициналық бике науқастың өзіне өзі қол жұмсауына болысуға құқығы жоқ. Медициналық бике құзыретіндегі Дүниежүзілік медициналық ассоциация, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көрсеткен және Қазақстан Республикасы заңнамаларында бекітілген пациент құқығын қамтамасыз етуге міндетті.
4 бап. Пациенттің адамдық абыройын сыйлау
Медициналық бике пациенттерге жасына немесе жынысына, науқастану сипатына, нәсілі мен ұлттық қатынасына, діни және саяси көзқарасына, әлеуметтік және материалдық жағдайына немесе басқа да ерекшеліктеріне тәуелсіз білікті көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Күтім жасай отырып медициналық бике пациенттің емді жоспарлауға және өтуіне қатысу құқығын сыйлау керек. Пациентке менмендік таныту, немқұрайлы қарау немесе кемсітуге жол берілмейді. Медициналық бике пациентке өзінің моральдік, діни, саяси көзқарасын байлауға құқығы жоқ. Бірнеше пациентке медициналық кезек орнатқанда медициналық бике қандай да болмасын кемсітуге жол бермей, тек қана медициналық критерийлерді жетекшілік етуі тиіс. Медициналық көрсеткіштер бойынша пациенттің жүріс-тұрысына бақылау жасау қажет болған жағдайда, медициналық бике пациенттің жеке өміріне араласуын тек қана кәсіби қажеттілігімен шектеуі тиіс.
5 бап. Ең алдымен-зарар келтірме
Медициналық бикенің медицинаның «Ең алдымен-зарар келтірме» деген ежелгі этикалық уағызын бұзуға құқығы жоқ. Медициналық бике пациентке осындай зарар келтіруге талпынған үшінші тұлғалардың іс-әрекетіне араласпауға құқығы жоқ. Медициналық бикенің күтім бойынша іс-әрекеті, ауру сезімімен және басқа да уақытша негативті құбылысқа байланысты медициналық араласу тек қана пациент мүддесінде рұқсат беріледі. «Дәрі аурудан ащы болмауы тиіс!». Қаупі бар медициналық араласу жасай отырып, медициналық бике пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін іс-шаралардың алдын алуы тиіс.
6 бап. Медициналық бике және пациенттің ақпараталуға құқығы
Медициналық бике шыншыл және адал болу керек. Медициналық бикенің моральдік парызы пациентке құқығы туралы ақпарат беру. Ол пациенттің денсаулық жағдайы, ықтимал қаупі және ұсынылған емдеу әдісінің артықшылығы, диагноз бен болжауы туралы ақпарат алу құқының, сонымен бірге ақпараттан мүлдем бас тарту құқығын сыйлауға міндетті. Пациент пен оның жақындарын ақпараттандыру қызметі көбінесе дәрігерге тиесілі екенін ескере отырып, медициналық бике кәсіби мәліметтерді пациентке қызмет көрсетуші бригаданың мүшесі ретінде емдеуші дәрігердің келісімі бойынша ғана беруге моральдік құқығы бар. Шынайы зарар келтіретініне көз жеткізген жеке жағдайларда ғана медициналық бике пациенттен кәсіби ақпаратты жасыруға құқылы.
7 бап. Медициналық бике және пациенттің медициналық араласуға келісуі мен келіспеуі
Медициналық бике пациенттің немесе оның заңды өкілінің (бала немесе есі ауысқан науқаспен жұмыс жасағанда) кез келген медициналық араласуға келісу немесе одан бас тарту құқығын сыйлауы тиіс. Медициналық бике келісу немесе келіспеуді пациент өз қалауы мен сезінуі бойынша бергеніне көз жеткізуі тиіс. Медициналық бикенің адамгершілік және кәсіби парызы өзінің біліктілігі шегінде пациентке процедурадан бас тарту салдарын түсіндіру. Пациенттің бас таруы оның жағдайына әсер етпеуі және медициналық бикенің немесе басқа медицина қызметкерлерінің теріс қатынасын тудырмауы керек. Медициналық бике Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациенттің (немесе құзырсыз пациенттің – 15 жасқа дейінгі баланың не қабілетсіз есі ауысқан науқастың өкілінің) рұқсатынсыз көмек көрсетуге құқығы бар. Құзырсыз науқастарға медициналық көмек көрсеткенде медициналық бике мұндай пациенттердің жағдайлары мүмкіндік бергенше шешім қабылдау үрдісіне қатыстыру керек.
8 бап. Кәсіби құпияны сақтау міндеті
Медициналық бике сеніп тапсырылған немесе кәсіби міндеттерін орындау барысында пациент денсаулығының жағдайы, диагнозы, емі, ауру болжауын, сонымен бірге пациент қайтыс болса да, пациенттің жеке өмірі туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан құпияда сақтауы тиіс. Медициналық бике қандай да болмасын түрде сақталған пациенттер туралы құпия ақпаратты қорғау бойынша қызметті бұлжылтпастан орындауы тиіс.Медициналық бике пациент туралы құпия ақпаратты қандай да болмасын үшінші тұлғаға тек қана пациенттің рұқсатымен аша алады. Медициналық бике пациентке медициналық көмек көрсететін басқа мамандар мен медициналық қызметкерлерге ақпаратты беру құқығы оған рұқсаттың бар болуын көздейді. Медициналық бике құпия ақпаратты пациенттің рұқсатынсыз тек қана заңмен қарастырылған жағдайда аша алады. Бұл жағдайда пациентті ақпараттың құпиялылығын ашу шарасыздығы жайлы ақпараттандыру керек. Барлық өзге жағдайларда медициналық бике кәсіби құпияны ашқаны үшін жеке моральдік, кейде заңдық жауапкершілікке тартылады.
9 бап. Медициналық бике және өлім алдындағы науқас
Медициналық бике өлім алдындағы науқастың адамгершілік қарым-қатынас пен лайықты өлім құқығын сыйлауы тиіс. Медициналық бике өлім алдындағы науқасқа максималды жеткізілген физикалық, эмоционалды және рухани жеңілдікпен өмірді аяқтауға мүмкіндік беретін, паллиативті медициналық көмек көрсету саласындағы қажетті білім мен дағдаларды игеруі тиіс. Медициналық бикенің ең бірінші моральдік және кәсіби міндеттері: өлім үрдісімен байланысты азапты алдын алу мен жеңілдету; өлім алдындағы науқасқа және оның жанұясына психологиялық жәрдем беру. Эвтаназия, яғни медициналық бикенің өлім алдындағы пациентке, оның тілегі болса да, өмірін тоқтату мақсатындағы іс-әрекеттер этикаға жатпайды және оған жол берілмейді. Медициналық бике өлім алдындағы науқасты сыйлау керек. Денені өңдеу барысында дині және мәдени салт-дәстүрлерін есепке алуы тиіс. Медициналық бике патологоанатомиялық ашуларға қатысты Қазақстан Республикасында бекітілген азаматтардың құқықтарын сыйлауы тиіс.
10 бап. Медициналық бике ғылыми зерттеулер мен оқу үрдісіне қатысушы ретінде
Медициналық бике зерттеу жұмысына қатысуға, өз мамандығында білімін көбейтуге ұмтылу керек. Нысан ретінде адам қатысатын зерттеу жұмысында медициналық бике медициналық этика бойынша халықаралық стандарттарға (Хельсинг декларациясы және т.б.) құжаттарға және Қазақстан Республикасының зағнамасына бағынуы тиіс. Пациент тұлғасының мүдделері медициналық бике үшін әрқашан да қоғам мен ғылым мүддесінен жоғары болуы тиіс. Ғылыми зерттеулерге қатысып, медициналық бике өздері қорғай алмайтын (балалар, ауыр психикалық ауытқыуы бар) пациенттерді қорғауды ерекше түрде қамтамасыз етуге міндетті. Пациенттің оқу үрдісіне қатысуы тек қана олардың құқығын қорғау кепілденген жағдайда мүмкін болдады.
ІІІ бап. Медициналық бике және оның мамандығы
11. бап. Өз мамандығына құрмет көрсету
Медициналық бике өз мамандығының абыройы мен атағын қолдауы тиіс. Тиянақтылық пен жеке тазалық ережелерін сақтау- медициналық бикенің ажырамас бөлігі. Медициналық бике бикелік іс стандарттарын қолдау, ендіру және жақсарту үшін жеке моральдік жауапкершілік артады. Ол игермеген біліктілік сатысына таласпауы тиіс. Медициналық бикенің құқығы мен парызы өзінің моральдік, экономикалық және кәсіби тәуелсіздігін сақтау болып табылады. Медициналық бике пациент тарапынан басқа пациенттермен салыстырғанда ерекше жеңілдіктер алу мақсатымен берген сыйлықтарынан және жағымпаздық ұсыныстардан бас тартуы тиіс. Медициналық бике екеуінің де адамның абыройын жоймаса, әділдік пен адамгершілік принциптеріне қарсы келмесе, құқықтық нормаларды бұзбаса ризашылығын қабыл етуге құқылы. Пациентпен жыныстық қарым-қатынасқа түсуді медициналық этика айыптайды. Медициналық бикенің тәртібі денсаулыққа кері қарым-қатынастың мысалы болмауы тиіс.
12. бап. Медициналық бике және әріптестері
Медициналық бике өзінің ұстаздарына құрмет көрсетуі тиіс. Әріптестермен қарым-қатынас жасаған кезде медициналық бике адал, әділ және ілтипатты болып, олардың білімі мен тәжірибесін, емдеу үрдісіне қосқан үлесін қабылдауы және сыйлауы тиіс. Медициналық бике өз білімі мен тәжірибесі шегінде мамандық бойынша әріптестеріне көмектесіп, олардың тарапынан да сондай көмек күте алады, сондай-ақ өз қалауынша көмекшілерді қосып, емдеу үрдісіне қосылатын басқа қатысушыларға жәрдем етуге міндетті. Медициналық бике өз мамандығының ежелгі салт-дәстүрін -әріптесіне ақысыз медициналық көмек көрсетуді құрметтеуге міндетті. Әріптестерді сенімсіздендіру жолымен өзінің беделін көтеру этикаға жатпайды. Медициналық бикенің моральдық және кәсіби парызы пациентке дәрігер тағайындаған ем бағдарламасын орындауға көмек көрсету. Медициналық бике дәрігер тағайындаған медициналық манипуляцияларды нақты және білікті орындауға міндетті. Медициналық бикенің жоғары кәсіпқорлығы медициналық бике мен дәрігердің достық, әріптестік қарым-қатынастың ең негізгі моральдік факторы. Дәрігер мен медициналық бикенің кәсіби міндеттерін орындаудағы қарым-қатынасының қызметтік емес сипаты медициналық этикамен айыпталады. Егер медициналық бике дәрігер тағайындауларының мақсаттылығынан күмәнданса, ол ең алдымен бұл жағдайда дәрігердің өзімен, ал одан кейін де күмән сақталса- жоғары тұрған басшылықпен талқылау керек.
13 бап. Медициналық бике және күдікті медициналық жәрдем
Медициналық бике заңсыз, этикалық емес немесе құзыретсіз медициналық тәжірибемен беттескен жағдайда, пациент пен қоғам мүддесін қорғауға тұруы тиіс. Медициналық бике бикелер ісін, денсаулық сақтау жүйесін толығымен және жекеше дәстүрлі медицина әдістерін (елшілік) қолдауды реттейтін құқықтық нормаларды білуге міндетті. Медициналық бике пациенттің мүддесін күмәнді медицина тәжірибесінен қорғау бойынша іс-шаралар қабылдап мемлекеттік денсаулық сақтау органдарына, медициналық бикелер ассоциациясына арқа сүйеуге құқылы.
ІV. Медициналық бике және қоғам
14. бап. Қоғам алдындағы жауапкершілік
Медициналық бикенің медициналық қоғамдастықтың мүшесі ретіндегі адамгершілік парызы тұрғындарға бикелік көмек көрсетудің мүмкіндігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету жайлы қам жеу болып табылады. Медициналық бике пациенттерге денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік, муниципальды және жеке жүйелерімен қарым-қатынас жасауға дұрыс таңдау жасауға көмек көрсетуге мүмкіндік беретін тұрғындарды ақпараттандыру мен медициналық-санитарлық ағарту қызметіне белсенді ат салысу керек. Медициналық бике, өз құзыретінде аурулармен күресу әдістерін жетілдіруге бағытталған ұжымдық шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуы, пациенттерді, үкімет органдары мен толықтай қоғамды экологиялық қауіп туралы ескертуі, құтқару қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруға өз үлесін тигізуі тиіс. Медициналық бикелер ассоциациясы, медициналық қоғамдастық еліміздегі медициналық көмек көрсету қызметі нашар дамыған аудандарына медициналық бикелерді тартуға жәрдем етулері тиіс, осындай аудандарда жұмыс жасау үшін ынталандыру шараларын қарастырулары тиіс.
15 бап. Медибекелік істің дербестігі мен тұтастығын қолдау
Медициналық бикенің адамгершілік парызы бикелік істің Қазақстан Республикасында даму реформасына жәрдем ету болып табылады. Медициналық бике бикелер ісінің дербестігін, тәуелсіздігін және тұтастығын қолдауы, дамытуы тиіс. Медициналық бикенің парызы қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарын бикелік іс қажеттіліктері, жетістіктері мен кемшіліктеріне көңіл аударту болып табылады. Медициналық бике қоғамды бикелік іс жөнінде жалған ақпараттан немесе қате түсіндіруден қорғауы тиіс. Өзін өзі жарнамалау медициналық этикамен үйлеспейді. Егер медициналық бике жұмыстан ұйымдастырылған ұжымдық бас тартуға қатысса да, ол жедел жәрдем көрсетуден, сондай-ақ осы уақытта ем курсынан өтетін пациенттерге байланысты этикалық міндеттерден босатылмайды.
16 бап. Медициналық бикенің заңды құқықтарын кепілдеу және қорғау
Медициналық бикенің қоғамдағы адамгершілік рөлі бикенің жеке абыройын, денесіне жанаспаушылықты және бейбіт пен соғыс уақытында кәсіби міндеттерін атқару барысында көмек алу құқығын заңды қорғау талаптарының негізін құрады. Медициналық бикенің өмір деңгейі оның мамандығының статусына сәйкес болуы тиіс. Жеке тәжірибемен айналысатын бикенің жалақы көлемі көрсетілетін медициналық көмек көлемі мен сапасына, оның біліктілік дәрежесіне, әр нақты жағдайдағы ерекше шарттарға өлшемдес болуы керек. Кедей пациенттерге парасыз көмек көрсету этика жағынан қошталады. Не медицина қызметкерлерін, не медициналық бикелерді қызмет атқару шарттары тиімсіз жерде зорлықпен жұмыс жасатуға болмайды. Медициналық бикенің кәсіби қызметінің жағдайын қамтамасыз ету еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуы тиіс. Медициналық бике Алматы қаласының медициналық бикелер ассоциациясына намысы мен абыройын қорғау (егер оның жақсы атын әлдекім негізсіз жамандаса); кәсіби дайындықтың жеткен деңгейіне сәйкес біліктілік санатын уақытылы алу; кәсіби міндеттерін немқұрайлы, селқос қарауға байланысты емес кәсіби қателерін сақтандыру процедураларын құру және қолдану; кәсіби міндеттерін денсаулық жағдайына байланысты орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда кәсіби қайта дайындалу; Қазақстан Республикасының медициналық қызметкерлерге арналған жеңілдіктерін уақытылы алу бойынша арқа сүйеуге құқылы.
Всего комментариев: 0