Бүгінгі таңда көпшілікті алаңдатып отырған мәселе – дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың санының көбеюі

Медицинада қант диабеті деген атқа ие дерттің қазақша атауы – “сусамыр”.

14 қараша – дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай аудандық ауруханада ауырып жатқан науқастарға аурухана директорының орынбасары Мәдина Қанатқалиева аурудың белгілері мен алдын алу жөнінде түсіндіріп өтті.

Ауданда жалпы қант диабеті ауруымен 372 адам есепте тұрады. Олар тегін дәрі – дәрмек пен глюкометр аппаратымен қамтылған.

Диабеттің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, шектен тыс тәтті немесе майлы тамақтардан бас тарту, спортпен айналысу, темекіден бас тарту, дәрігерге уақтылы қаралып, қандағы қант мөлшерін анықтап отыру қажет.

Аудандық аурухананың баспасөз қызметі


Жарияланды: 18.11.202213:24

Автор: