Аурухананың  медицина қызметкерлеріне түсінік жұмыстарын жүргізілді

Аудандық ауруханада Мемлекеттік қызмет алу тәртібі және қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында  аурухананың  медицина қызметкерлеріне түсінік жұмыстарын жүргізілді.

     Директордың  емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мадина Қанатқалиева «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы  4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ» туралы түсіндіріп өтті.

     Жалпы аудандық аруханада 20 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетіледі

         2022 жылдың 11 айында аудандық ауруханада 237641 науқас дәрігердің қабылдауына жазылса, алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу – 1411, e-gov порталы бойынша – 1359, Дәрігерді үйге шақыру – 6935, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымнан анықтама беру – 21, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру – 4590, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру – 5033, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 1 шара, алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту – 1890, емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру – 4266, көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру – 25, азаматтардың жекеленген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру – 9681, санаторлық-курортық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру –266 науқасқа мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Аудандық аурухананың

баспасөз қызметі


Жарияланды: 23.12.202214:59

Автор: