Аурухана туралы

Қызылқоға денсаулық сақтау бөлімі 1944 жылдан бастап құрылды.Қарабау елді мекенінен 10 төсектік аудандық аурухана ашылды.Аудан орталығы 1959 жылы Миялыға көшірілгенде аудандық аурухана бірге көшірілді.Осы кезде аурухана 35керуеттік болатын.Кейіннен 65 керуетке өсті.Ауданымызға 1981 жылы типтік жобада 100 керуеттік аудандық орталық аурухана ғимараты салынды. Тәуелсіздік алып, ел экономикасы нығайғанан кейін(2000-2007жж) аудандық орталық аурухана, ауданымыздың барлық бөлімшелік ауруханалары және дәрігелік емханалар, фелдьшерлік пункттер күрделі жөндеуден өтіп, дәрігерлік амбулаториялар түгелдей жаңа ғимаратқа көшірілді. Жамансор, Былқылдақты, Мәдениет, Жангелдин дәрігерлік амбулаторияларына жаңа ғимараттар салынды. 2009 жылы 30 төсектік аудандық туберкулез ауруханасы салынып пайдалануға берілді.

2011 жылдың 16 наурызында Миялы селосында ауысымына 250 адамды қабылдау мүмкіндігі бар жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған аудандық емхана пайдалануға берілді. Жаңа емханада лор, офтальмолог кабинеті, УДЗ, рентген, физиотерапия, кардиология бөлмесі, зертхана, залалсыздандыру кабинеттері соңғы үлгідегі шетелдік жаңа медициналық құралдармен жабдықталып, науқастар облыс орталықтарына бармай-ақ өз ауданымызда тексерілуіне және емделуіне мүмкіндіктер алды. Жаңа емханада қосымша 2011 жылы құны 2,8 млн теңге тұратын адам организмінің ішкі құрылыс ішек ағзаларын тазалайтын колоногидротерапия НС-2000С аппаратын «Сағыз Петролеум» компаниясы демеушілікпен алып берді. Аудандық орталық аурухана бүгінгі таңда жаңа заманауи электрондық-компьютерлермен, телемедицина қондырғысымен, хирургия бөлімінің ота жасау бөлмесі соңғы үлгідегі 14,7 млн. теңге тұратын лапроскопиялық және хирургиялық ота жасау аппаратымен, бөлімшелер ЭЭГ, ФГДС, УДЗ, ЭКГ аппаратымен, перзентханада шала туған балаларды емдеуге, жетілдіруге арналған кювездер, жылжымалы флюромашина, жылжымалы стоматология машиналарымен қамтылды.

Қазіргі кезде ауданда 4 аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория бар. Оларда 45 дәрігер еңбек етеді. Оның 4-і жоғарғы санатты, 10-ы бірінші санатты,2-екінші санатты. Орта буын медицина қызметкерлер саны -230 болса, жоғарғы санаттысы -89, бірінші санаттысы -23, екінші санаттысы -7.

6 дәрігер және 4 медбибі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасып, тұрғын үймен және көтерме сыйақымен қамтылды. Денсаулық сақтау ісінің үздіктері: Б.Исжанова, Ж.Ақжамалова, «Шапағат» медалінің иегері Г.Абділдиевалардың есімі мақтанышпен аталады.

Жиырма жыл ішінде ана мен баланың және аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуда медицина қызметкерлері «Қауіпсіз ана болу», «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастырып емдеу», 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыруда.

2002 жылдан бастап мақсатты топтағы ауыл тұрғындары жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, глаукома, сүт безінің, жатыр мойнының, жуан және тік ішектің қатерлі ісіктерінің алдын алу үшін жылма жыл скринингтен және 0-17 жастағы аралығындағы балалар профилактикалық тексеруден өткізілуде. Аудан бойынша медицина саласына жетіспейтін 9 маман Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медицина академиясында аудан бойынша бөлінген бюджет қаражаты есебінен оқытылуда. Алдағы уақытта санаториялық бөлім ашу жоспарлануда.Ауданымызда 2010 жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін(БҰДСЖ) енгізу жалғасуда.Осы күнге шейін БҰДСЖ бірқатар басты қағидалары іске асырылды.Олар:науқастың медициналық ұйымды өзі таңдауы,меншік түріне қарамастан,қызмет көрсетуші ұйымды таңдаудың ашықтығы,бәсекелестік ортаны қалыптастыру,”ақша науқаспен бірге жүреді” және жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу қағидалары.Жаңа жүйе республикалық бюджеттен қаржыландырылатын емдеу мекемелерінің бюджетін арттыруға мүмкіндік берді.Яғни бәсекелестік орта қалыптасып,медицина қызметкерлерін сапалы қызмет көрсетуге ынталандыра бастады.Емдеу мекемелері үшін медициналық техникаларды лизинг бойынша сатып алып,материалдық – техникалық базаларын нығайтуға жол ашылды.Ауданда азаматтар жоспарлы емделу кезінде аурухананы еркін таңдау құқына ие болды.Жүрек қан айналымы жүйесі,туберкулез және т.б. ауруларынан болатын өлім-жітім денгейінің тұрақты төмендеп келеді.Ауыл тұрғындарының қажеттілігіне сай қаржыландыру жүйесін әрі қарай жетілдіру мақсатында ғаламдық бюджет бойынша қаржыландыру жоспарланып отыр.Аудандық орталық аурухана 2012жылдың шілде айынан бастап, Шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып тіркеуден өтті.

Всего комментариев: 0