Аудандық аурухананың бас медбикесі Гүлсара Ақанқызы Израиль еліндегі ең үлкен “Шиба” медициналық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтіп келді

Біліктілікті арттыру

Аудандық аурухананың бас медбикесі Гүлсара Ақанқызы Израиль еліндегі ең үлкен “Шиба” медициналық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтіп келді. “Орта персоналға арналған медициналық ұйымдағы Менеджмент” тақырыбында біліктілігін жетілдіріп қайтқан Гүлсара алған әсерімен,білімімен өз әріптестерімен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Гүлсараның айтуынша, оқу барысында олар клиниканың гинекологиялық, онкологиялық, кардиологиялық орталықтарының жұмысымен танысып, түрлі тақырыптарда дәрістер тыңдады. Айта кетсек, медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарына іс-сапар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Екі аптаға созылған курс соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.

Аудандық аурухананың баспасөз қызметі


Жарияланды: 06.12.202213:23

Автор: