АУДАНДА БІРЛІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШЕРУ ӨТТІ

“1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні” мерекесіне орай аудан орталығында салтанатты шеру өтті. Іс – шарада аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев барша тұрғындар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Шеруді Еліміздің Мемлекеттік Туымен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Н.Ізімғалиев бастап шықса, кейінгі сапқа әртүрлі спорт түрлерінен жас чемпиондар ілесті. Шеруді одан әрі мектеп оқушыларынан құралған жас велосипедшілер жалғастырды.
Салтанатты шеруге қатысқан 53 мекеме 16 сап бойынша Х.Досмұхамедов атындағы мектеп ғимаратынан бастап, “Жастар” паркіне дейінгі аралықты жүріп өтті. Мерекелік көңіл- күйді сезінген мекеме ұжымдары әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, әдемі безендірулермен шерудің сәнін ашты.
Мерекелік шара “Қазақ елі – татулық мекені” концерттік бағдарламасымен жалғасты. Онда қазақ, өзбек, грузин, орыс, татар, украин, молдаван, ұйғыр, кәріс, түрік ұлтының асханасы мен өнерін, құттықтауын жеткізген 10 мекеме ұжымы қатысты. Сондай-ақ, концертте тәжік әні “Сарбон”, “Алма, алма”, “Ламбада”, “Жылқышының әні”, “Туған жер”, “Қазақстан” әндері “Арман” мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында шырқалды.
Мерекелік шараға ұйымшылдықпен қатынасқан ұжымдар алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды

Жарияланды: 18.05.202209:43

Автор: