23 қараша күні Б.Аманшин атындағы орта мектебінде «Қант диабеті және алдын-алу» тақырыбында 11-14 жас аралығындағы жасөспірімдермен кездесу өтті

23 қараша күні Б.Аманшин атындағы орта мектебінде «Қант диабеті және алдын-алу» тақырыбында 11-14 жас аралығындағы жасөспірімдермен кездесу өтті. Онда аудандық аурухананың эндокринолог дәрігері Мадина Қанатқалиева қант диабетін емдеу жолдары туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар, «Жасұлан» бабалар бақшасындағы 3-6 жас аралығында топта болып, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Диабет – бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Қант диабеті – көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулығымызды күтейік!
Аудандық аурухананың
баспасөз хатшысы

Жарияланды: 24.11.202216:40

Автор: