11 қараша күні Қызылқоға ауданы әкімдігінің фейзбук парақшасында скрингтік тексеру мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыптары бойынша түсіндірілді.

Скринингтік тексеру бойынша аурухананың жалпы практикалық дәрігері Аругүл Оразғалиева түсінік берсе, әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбы бойынша аудандық аурухананың директорының орынбасары Мәдина Қанатқалиева айтып өтті.

     Скринингтік тексеру дегеніміз – бұл тәуекел факторлары мен ауруларды ерте сатыларда анықтау үшін белгілі бір жастағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеру. Скринингтік тексерулер толық көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аумақтық тіркелген жеріндегі емханаларда тегін жүргізіледі.

     Ересек тұрғындарды скринингтік тексеру ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған:

   1) қан айналымы жүйесінің негізгі аурулары-артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы;

   2) ерлер мен әйелдер арасындағы қант диабетін;

   3) әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісіктері;

   4) әйелдер арасындағы сүт безінің ісікалды, қатерлі ісіктері;

5) ерлер мен әйелдер арасындағы глаукома;

6) ерлер мен әйелдер арасындағы тоқ және тік ішектің ісікалды, қатерлі ісіктері

7) өңештің, асқазанның, бауырдың және қуықасты безінің қатерлі ісіктері;

8) В және С созылмалы гепатиті.

 

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Бұл медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табысына қарамастан, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық және дәрілік көмекке тең қол жеткізуге кепілдік береді. Ондағы мақсат – өз денсаулығын нығайтып,  халықтың денсаулығын сақтау,  ауыртпалығын бөлу жолымен қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу,  жүйенің сыртқы факторларға және шығындардың өсуіне орнықтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

   Аурудың алдын алып, ауруды ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден өткен жөн. Анализ тапсыру арқылы ауруды анықтап, тиісті дәрігерлерге жолданады. Сондықтан, дәрігер шақырған уақытта еш сылтаусыз қаралып, аурудың алдын алған жөн.

Аудандық аурухананың

баспасөз қызметі


Жарияланды: 12.11.202207:46

Автор: